Жаңалықтар
Арман Жүдебаев: Елордамызға Тұңғыш Президентіміздің есімі берілуі - тарихи оқиға
- author «Ақ жол»
- 21 наурыз, 2019
- 665
Арман Жүдебаев: Елордамызға Тұңғыш Президентіміздің есімі берілуі - тарихи оқиға
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқаның төсінде көрсең көз тоятын астанамыз бой көтерді. Еліміздің орталығы мен солтүстік аймағында қаракөздеріміздің үлесі артты. Тұңғыш Президентіміздің сол көрегендігі үшін елордамызға Елбасының атын беру туралы шешім өте орынды деп есептеймін. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев осындай пікір білдірді. «Елордамыздың Тұңғыш Президентіміздің атымен аталуы тарихи оқиға болып тұр. Әлем тарихында оның мысалы бар. Солардың бірі АҚШ-тың қазіргі бас қаласы - Вашингтон. Тәуелсіздік алған алғашқы уақытта әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуалымыз өте қиын 90 жылдары елордамызды сол кездегі Ақмола қаласына көшіру туралы Нұрсұлтан Әбішұлының шешіміне көпшілік қолдау білдірмеп еді. Тәуелсіз Республикамыз үшін жасаған басқа істерін айтпағанда, қазіргі таңда сол шешімнің Қазақ елінің егемендігінің нығаюына, жер тұтастығының сақталуына кепіл болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді», - деді ЖОО басшысы.
Сондай-ақ, Арман Жүдебаев Астанаға ҚР Тұңғыш Президентінің есімін беру орынды шешім екенін атап өтті.
«Арқаның төсінде көрсең көзің тоятын Астанадай елордамыз бой көтерді. Еліміздің орталығы мен солтүстік аймағында қаракөздеріміздің үлесі артты. Тұңғыш Президентіміздің сол көрегендігі үшін елордамызға Елбасының атын беру туралы шешім өте орынды деп есептеймін», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




