Жаңалықтар
Көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген кредит беру жүйесі енгізіледі - Роман Скляр
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2019
- 541
Көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген кредит беру жүйесі енгізіледі - Роман Скляр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдетілген кредит беру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасыларға 20 жылға дейін алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жылдық ставкасы 2 пайыздық жеңілдетілген кредит беру жүйесін енгізу ұсынылады. Алғашқы жарна ретінде тұрғын үй сертификатын пайдалануға мүмкіндік бар», - деді ол. Министрдің айтуынша, аталған механизмді 3 жыл ішінде іске асыру үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден 150 млрд теңге қажет болады.
«Жыл сайын 6 мың несие беру жоспарланған. Сонымен қатар, әкімдіктер тарапынан 2 мың пәтер сатып алу қамтамасыз етіледі. 3 реттік айналым есебінен 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ беріледі», - деді Роман Скляр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




