2019 жылы «Қазпошта» 53 млн халықаралық сәлемдемені қабылдамақ
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2019
- 537
АСТАНА. ҚазАқпарат - Заңды тұлғалар үшін жеңілдетілген тауар экспорты қызметі енгізіледі. Бұл туралы Астанада баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл тұрғыда экспортталатын тауарларды рәсімдеу кезінде клиенттің «диалогы» пошта бөлімінде ғана іске асырылып, бірнеше минуттың ішінде атқарылады.
«Яғни кәсіпкер кеден қызметкерлерімен, салықшылармен рәсімдерді жүргізбейді. Кеден органдарында экспорттық рәсімдеу бойынша жұмыстар тауарды жөнелтушінің қатысуынсыз іске асырылады. Біз пошта қызметі ретінде барлық шараларды атқарамыз», - деп түсіндірді «Қазпошта» басшысы.
Бұдан бөлек ол 2019 жылы 53 млн халықаралық сәлемдемені қабылдау жоспарланып отырғандығын атап өтті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 35 млн болған еді. Сонымен қатар, биыл Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 70 млн сәлемдеме жіберу қарастырылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




