Әкімдер жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы тиіс
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2019
- 572
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімдері жұмыс орындарының қысқаруына мониторинг жасап отыруы қажет. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу жайы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі Үкімет отырысында еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік қауіпсіздік жақсарту мәселелеріне қатысты айтылған ұсыныстар ағымдағы жылдың 2-тоқсанында Қарағанды қаласында өтетін үшжақты комиссияда қаралатынын жеткізді.
Айта кетерлігі, отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев кәсіпорындар қызметкерлеріне 1 млрд 700 млн теңге жалақы қарыз екенін, кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажеттігін айтқан еді.
Ал ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқығын шектейтін заңнамалық актілерге мораторий жариялауды, облыстық үшжақты комиссиялар жұмысын жандандырып, ұжымдық шарттар бойынша мәселені тұрақты түрде қадағалап отыруды, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын сатылы түрде өсіруді ұсынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




