Теннис: Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады
- author «Ақ жол»
- 19 наурыз, 2019
- 423
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында таразы басын өзіне аудара біліп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке сағат жарымға созылды.
А.Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады. Оны жеңсе, жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын негізгі турнирге жолдама алады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирде аргентиналық, рейтингте 80-орындағы Гвидо Андреоццимен кортқа шығады.
Әйелдер арасында Майами турнирінде іріктеу сайысының жартылай финалында қазақстандық, әлемнің 92-ракеткасы Зарина Дияс, өкінішке қарай, Польша елінің өкілі, рейтингте 121-орындағы Ига Свёнтектен жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты негізгі турнирден бастап, алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте 56-орында тұрған Кирстен Флипкенспен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Финикс турнирінің финалында есе жіберген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




