«Көп тұжырымдар адамның денесі өзіне не керектігін білетінін айтады да, тіпті, бала балшық жесе де, оны қалыпты көреді. Бірақ күнделікті өмірде көпшілігі бактерияға қарсы сабын мен дезинфекция жасайтын заттарды пайдаланбайды. Түптеп келгенде олардың барлығы антибиотик көмегіне жүгінуге мәжбүр болады», - деп жазады басылым.
Автор көптеген дәрігерлер өз тәжірибесінде балалардың табиғатпен етене жақын болуын, сондықтан жерге түскен тамақты көтеріп жеуін қолдайтынын да тілге тиек еткен.
«Мамандар заман дамығанымен, иммундық жүйеміздің эволюцияға ұшырамай қалғанын айтуда. Ал ол табиғатпен етене жақын болуы керек», - депті автор.
Оның айтуынша, бүгінгі күні адамның қорғаныш жүйесінің атқаратын еш жұмысы қалмаған.
«Ата-бабаларымыз тірі қалу үшін қоршаған ортаға бейімделді. Адамзатта экстремалды проблемалар болды, тамақ жетіспеді. Су таза болмады. Бактерияға қарсы құралдар да болмады. Бұл тірі қалу үшін керек қауіпті орта еді. Ол кезде иммундық жүйе адамның қорғаны болды. Кейінірек адамдар өз қорғанысын арттыратын түрлі жолдарды ойлап тапты да, әртүрлі дәстүр қалыптастырды. Нәтижесінде адамдар қолын жуып, таза жүруге талпынды. Идеялар өсті, ал иммундық жүйе дамымады. Қорғаныш жүйесі қоршаған ортаға қарай жұмыс істейді. Адам қауіпті жағдайға тап болғанда ғана оның қорғанысы мықты бола бастайды. Осылайша адам қоршаған ортаға бейімделеді», - дей келе автор, қазіргі таңда иммундық жүйеміздің жауы аз екенін жазады.
The New York Times-тың жазуынша, көп дәрі мен антибиотикті көп қолданы иммунды қжүйе үшін қауіпті де болуы мүмін. Себебі олар ағзадағы қажетті микробтарды өлтіруі ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді