"Барселонаға" 1/4 финалда "Манчестер Юнайтед" түсті
УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалының жеребесі тартылды.
Сурет : УЕФА сайты15 Наурыз 2019, 17:42
Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін. ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды: "Аякс" (Голландия) - "Ювентус" (Италия) "Ливерпуль" (Англия) - "Порту" (Португалия) "Тоттенхэм" (Англия) - "Манчестер Сити" (Англия) "Барселона" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия).
"Тоттенхэм" - "Сити" жұбының жеңімпазы "Ювентус" немесе "Аякспен" кездеседі, ал "Барса" - "МЮ" екеуінің мықтысы "Ливерпуль" немесе "Портуға" шығады.
Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу - 7 мамырда өтеді.
Финал 2 маусымда Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтеді.
Чемпиондар лигасының соңғы үш кубогын "Реал" жеңіп алған, бірақ биыл испаниялық клубты жарыстан "Аякс" қағып тастады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




