Жаңалықтар
Батыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2019
- 608
Батыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті
Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Канаданың Монреаль қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсеткен қазақстандық боксшының кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Жүкембаев шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты. Былтыр наурызда осы боксшы тағы бір қазақстандық боксшы - Абылайхан Құсайыновтан жеңілген еді. Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңіс. Сонымен қатар, ол алғаш рет жеті раундтан жоғары кездесу өткізді,
Негізінде Жүкембаев басқа бір мексикалық боксшы - Карлос Хименеспен жұдырықтасуы керек болған, алайда кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсылас ауысып кетті. Бастапқыда Хименеспен Данияр Елеусінов жұдырықтасуы керек болған, алайда ол Жүкембаевты таңдаған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




