Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды.
«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy - «азиялық Оскар» саналады. Азия киноакадмиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген.
«Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», - дейді министр.
Еске сала кетсек, Самал Еслямова былтыр 71 Канн кинофестивалінде өз аталымы бойынша үздік деп танылған болатын. Актриса ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді