Алик Шпекбаев: Бизнесмендерден түскен шағымдардың 90 пайызын шештік
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2019
- 515
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнесмендерден түскен шағымдардың 90 пайызын оң шештік. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, өткен жылы агентті ҚР Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Protecting business and investments» жобасын іске қосқан.
«Шетел инвестициясына өңірлік бәсекелестіктің күшейе түсуі тұрғысынан алғанда аталған жоба Қазақстанның Орталық Азиядағы бәсекелестік басымдығын арттыруға айтарлықтай үлес қосып, елдегі адал бизнес ортаның дамуын ынталандырады. Бұл жоба бизнес жүргізудегі ағымдық мәселелерді шешуге бағытталған уақытша шара екендігін баса айтқым келеді. Біздің негізгі мақсатымыз - меморгандардың бизнеске бет бұрғызу, шенеуніктерге бизнеске көмектесуге әрі қолдауға үйрету. Оған қол жеткізгеннен кейін жобаны жалғастыру қажеттілігі өзінен-өзі өзектілігін жояды», - деді Алик Шпекбаев. 
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




