Головкин ресейлік әлем чемпионымен айқасуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Ringnews24.com басылымы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің DAZN стриминг сервисі аясында ресейлік боксшы Дмитрий Биволмен кездесуі мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Кездесу басқа болжамдардың арасындағы ең қисындысы. Өйткені WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Головкиннен екі санат жоғары болса да, үлкен жекпе-жек үшін салмағын азайтуға ниет білдірген. Өз кезегінде Головин де ресейлікпен жұдырық түйістіру үшін 168 фунтқа көтерілуі мүмкін. Бұл айқас GGG үшін айтулы сынақ болады. Оның алып денелі Биволмен қалай айқасатынын көру ерекше қызықты болар еді», - делінген мақалада.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді