Жаңалықтар
Жомарт Ертаевпен бірге «Bank RBK» АҚ 41 қызметкері күдікке ілінді
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2019
- 453
Жомарт Ертаевпен бірге «Bank RBK» АҚ 41 қызметкері күдікке ілінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жомарт Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен қатардағы жұмысшылары ақша жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұдан бұрын Қазақстанға Б.Ибрагим, И.Мажинов, Д.Туғанбай, Д.Едігенев, А.Мамырбеков, Т.Шәріпов және басқалар экстрадицияланды. Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды. ҚР ІІМ ақпараты бойынша, ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
«Ол «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі бола отырып, жалған ЖШС-ның 80 млн АҚШ доллары сомасында банктен қарыз алуына ықпал еткен. Сондай-ақ, қарызды қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырған», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




