Жаңалықтар
Шекарашылар 41 жастағы қазақстандық әйелдің көлігінен оқ-дәрі тауып алды
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2019
- 643
Шекарашылар 41 жастағы қазақстандық әйелдің көлігінен оқ-дәрі тауып алды
ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - Қорғастық шекарашылар 41 жастағы қазақстандық әйелдің көлігінен оқ-дәрі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметіне сілтеме жасап. Кеше күндізгі сағат 10:30 шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел ұсталды.
«Әлгі әйелдің машинасын қызметтік итпен тексерген кезде көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлі 13 дана оқ табылды. Оқтың шығарылған уақыты көрсетілмеген. Автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр» делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




