Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы сот судьясы болып сайланды
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2019
- 551
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Мейрамбек Таймерденов Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Палата депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.
М. Таймерденов 1958 жылы туған, заңгер. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1983 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық халық сотының сот орындаушысы қызметінен бастады.
1993 жылдан 1997 жылға дейін прокуратура органдарында қызмет істеді. 1997 жылы сәуір айында Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 1999 жылы Алматы облыстық сотының судьясы. 2001-2005 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы. 2006 жылы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметіне келді.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы. 2012 жылдың наурызынан бастап Алматы қалалық сотының төрағасы.
2013 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымында болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




