Елбасы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2019
- 218
- Бұл маңызды спорт шарасы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға өздерінің мықты рухы мен жеңіске деген ерік-жігерін танытуға жол ашады. Жарысқа Қазақстан командасы да қатысады. Елдеріңіздің басшылығы Қазақстан өткізетін халықаралық іс-шаралардың бәріне үнемі қатысып келеді. Сондықтан, сіздерге достық қолдау көрсету мақсатымен осы ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысуға келдім, - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін жемісті болғанын атап өтті.
- Біздің жиі кездесулеріміз бен бауырластыққа және сенімге негізделген тығыз қарым-қатынастарымыз барлық салаларды жан-жақты дамытуға тың серпін беруде. Былтыр біз өзара сапар жасап, маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Солардың іске асырылу барысы толық көңілден шығады, - деді Қазақстан Президенті.
Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Біріккен Араб Әмірліктеріне шақыруын қабыл алғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, конфессияаралық келісім мен әлемде диалог орнату ісіндегі Қазақстанның рөліне ерекше тоқталды.
- Биыл біз еліміздің негізін қалаған тұлғаның 100 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Сіз шейх Заидті 25 жылдан астам уақыттан бері білесіз. Ол Сізді өте құрметтейтін және әлемдік деңгейдегі басшы ретінде танитын. Сіздің үлгі-өнегеңіз бізге шабыт беріп, 2019 жылды - толеранттық жылы деп жарияладық. Соның аясында Әмірліктер көпұлтты, мәдениетаралық және дінаралық орталыққа айналуды көздейді. Осыған байланысты биылғы ақпан айында Рим Папасы Францисктің Біріккен Араб Әмірліктеріне тарихи сапары болды, - деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.
Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемаларды, туризм, цифрландыру, ғарыш, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты талқылады. Сондай-ақ өзара экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестиция тарту және Қазақстан тауарларын Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығару мақсатымен Үкіметаралық комиссияның және Іскерлік кеңесінің әлеуетін арттыру мәселелері қаралды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді