«Тараз – Арена» спорт кешенінде мемлекеттік қызметші арулар арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Додаға облыс әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен департаменттердің намысын қорғаған 16 команда қатысып, жүлделі орындарды өзара сарапқа салды. Арулар арасындағы аламанды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті бірлесе ұйымдастырды. Тартысты өткен жарыс қорытындысында облыстық қазынашылық департаментінің қыздары жеңіс тұғырынан көрінсе, Талас ауданынан келген арулар жүлделі екінші, қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұжымы үшінші орынды иеленді. Турнирде үздік шыққан ұжымдар мен ойыншылар сый-сияпаттарға ие болып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




