Жаңалықтар
Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2019
- 548
Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады: - №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;
- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден 23 наурыз күні;
- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.
Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 - Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




