2018 жылы елден қанша адамның кеткені анықталды
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері 2018 жылы елден қанша адамның кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстаннан 41 894 адам кеткен. Олардың көбі ТМД елдеріне көшіп кеткен - 37 754 адам. Шығыс Қазақстан облысының 6 272 тұрғыны, Қостанайдың 6 057 тұрғыны және Қарағанды облысының 5 664 тұрғынының басқа елдерге кеткені айтылады.
Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көбі Ресейге кетіп жатыр. Онда 36 796 адам кеткен, Германияға 2 691 адам, Беларуське 343 адам және АҚШ-қа 339 адам кеткен.
Ал Қазақстанға келгендердің саны - 12 785 адам. Көбі Алматы қаласына көшіп келген - 1 817 адам. Бір жылдың өзінде Алматыға 1 447 адам келсе, Маңғыстау облысына 1 621 адам келген.
Сондай-ақ, Қазақстанға көбіне Өзбекстан ( 4 407 адам), Ресей ( 3 903 адам), Қытай (1 366 адам) және Қырғызстан ( 1 366) тұрғындарының келгені айтылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




