Жер тарпып өскен құлының белді, Тұлпар ғасырдың дүбіріне ерді. Шығысқа ағып, текес боп кеткен, Балқаш боп қайта бір ұлың келді.
Көп көрдің елім безбен жауырды, Соқтырған едің сөзбен дауылды. Алатау сенің аппақ бұлтыңдай, Мен төгіп алдым көзден жауынды.
Далаңды көріп жұмақ па деппін, Қалаңды көріп жылап та кеттім. Қазақтық бойдан жойылар сәтте, Азаттық алып мұратқа жеттің.
Көк Туың тұрса желбіреп биік, Ұрпақ жүр ұлтын елжіреп сүйіп. Алланың саған пейілі түсті-ау, Беріп жерін белгілеп қиып.
Өтсінші ұлың өр төсін бермей, Атағың кетсін жер төсін ендей. Жетпіс жыл бізді желкеден басқан, Өтейік жаттың желкесін көрмей.
Ұрпаққа беріп таза күш, дарын, Көрейік көкке балаң ұшқанын. Тәуелді боп өт Аллаға ғана, Тәуелсіз менің, Қазақстаным!
Жұматай Көксубай, ТарМУ-дың 1-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




