Алматы орталығында атыс болды: Күдіктілер ұсталды
Видеодан алынған кадр
Алматы орталығында атыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 7 наурызда кешкі уақытта Бостандық ауданында болған. Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды.
Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, оқиға Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Полициядағылардың мәліметінше, төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




