4 проценттік автонесие: Қосымша қаржы қалай таратылады
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2019
- 193
«Қазіргі кезде уәкілетті органдардың шешім қабылдауымен және шарттар жасасумен байланысты рәсімдер жүргізілуде. Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің қаржы-қаражатын бөлу туралы Банктің (Қазақстанның Даму банкі - авт.) ақпараттық хабарламасымен қосымша хабарланатын болады», - делінген xолдингтің ресми жауабында.
Айта кетейік, ағымдағы жылы 19 ақпанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасына қосымша 10 миллиард теңгені бөлу туралы қаулыны қабылдаған болатын. Соның 8 миллиарды жеңіл көліктерді несиелеуге бағытталса, 2 миллиард теңгесі коммерциялық теxниканы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам автомобиль сатылады. Келесі жылдары револьверлік қаражат есебінен жылына орташа есеппен 400-500 отандық автомобиль сатылатын болады деген жоспар бар. 4 пайыздық автонесие бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Содан бері бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында 13 245 отандық автокөлік жеңілдікпен сатылып, 747 коммерциялық теxника лизингке берілді.
Бұған дейін ҚазАқпарат тілшісі автосалондарға xабарласып, 4 пайыздық автонесиенің қай кезде басталатынын сұраған болатын. Банк қызметкерлері несиенің артық төлемін де есептеп берді. Редакция аталған бастаманы «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде берілетін автонесиемен де салыстырып көрді.
Дереккөз:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді