Жаңалықтар
Елбасы жастарға: Әр адамды түсінуге және тыңдауға үйрену керек
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2019
- 537
Елбасы жастарға: Әр адамды түсінуге және тыңдауға үйрену керек
ҚР Президентінің телерадиокешені жариялаған мұрағаттық видеороликте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастары - дүниежүзінің азаматына айналғанын айтты,
«Жастарға айтатын бір сөзім бар. Қазіргі өсіп келе жатқан жастар - дүниежүзінің барлық жерінде жұмыс істейтін болады. Солай ғой!? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Басқа елге барғанда, мәселен Африкаға барғанда «Мен қазақпын! Табыныңдар маған» деп өзіңнің заңыңды орнатасың ба барып? Немесе Аустралияға, Америкаға, Еуропан мемлекеттеріне барасың. Қазіргі жастарымыз - дүниежүзінің азаматы болды. Жас кезден әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, оларды тыңдауға үйрену керек. Сонда бізді сыйлайтын болады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Еске сала кетсек, Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланған болатын.
Дереккөз:kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




