Жаңалықтар
Эфиопияда болған әуе апатында БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты
- author «Ақ жол»
- 11 наурыз, 2019
- 534
Эфиопияда болған әуе апатында БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты
БҰҰ басшысы Антониу Гутерриш Эфиопиядағы әуе апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Ұшақ бортында БҰҰ-ның 19 қызметкері болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйым сайтына сілтеме жасап. "Бас хатшы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, оның ішінде БҰҰ қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ, Эфиопия үкіметі мен халқына шын жүректен көңіл айтады", - делінген БҰҰ басшысының баспасөз хатшысының мәлімдемесінде.
Қаза тапқан 19 адам БҰҰ мекемелерінің, оның ішінде көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасының, БҰҰ қоршаған орта және дүниежүзілік банк бағдарламаларының қызметкерлері болған.
Еске салсақ, 10 наурызда таңертең Ethiopian Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта экипаждың сегіз мүшесін қоса алғанда 157 адам болған. Қаза тапқандардың арасында - 35 елдің өкілі бар, олардың үшеуі ресей азаматы.
Дереккөзі:tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




