Эфиопияда 157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Найробиге бара жатқан ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. «Апат 08:44-те болды», - деп мәлімдеген компанияның өкілі.
Әуе компаниясының ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, ұшақта жалпы 157 адам болған, соның 149-ы - жолаушы.
«Алдын ала таратылған ақпараттар бойынша, ұшақ бортында 149 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болған. Қазір жолаушылардың тізімін анықтап жатырмыз» делінген хабарламада.
Boeing 737 лайнері Найробиге бара жатқанда Оромия өңірінде, Дебре-Зейт елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




