Геннадий Головкин маусым айында жекпе-жекке шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг платформасының атқарушы директоры Джон Скипермен бірге баспасөз мәслихатын өткізбек, деп хабарлайды Sports.kz. Баспасөз мәслихаты дүйсенбі күні Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Онда Головкин өзінің жақын арадағы жоспарларымен бөліседі. Ал DAZN жетекшісі ынтымақтастықтың жаңа қырларымен таныстырады.
Айта кетейік, Головкин DAZN ұйымымен келісімшарт жасады. Ол 3 жылға созылады және осы уақыт аралығында қазақстандық боксшы 6 кездесу өткізбек. Геннадий жылына екі жекпе-жек өткізіп отыратын болады. Келісімшарт уақыты аяқталған соң ол карьерасымен қош айтыспақ. Қазақстандық боксшының DAZN аясындағы алғашқы кездесуі маусымда өтеді. Алайда оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




