Жаңалықтар
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева универсиада жарысында күміс медальға ие болды
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2019
- 511
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева универсиада жарысында күміс медальға ие болды
Ресейдің Красноярскі қаласында өтіп жатқан Универсиада-2019 жарысы кезінде қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль алған.
Қысқа бағдарламадан кейін төртінші орынды иеленген Тұрсынбаева еркін бағдарламаны орындау кезінде керемет нәтиже көрсеткен. Соның арқасында екінші орынға ие болған. Ол қос бағдарламада 214.77 ұпай жинаған. Бұл — оның жеке рекорды.
Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальды — жапон спортшысы Маи Михара (220.68), қола медальды ресейлік Станислава Константинова (205.91) ұтып алған.
Осы жарыста 124.41 ұпай жинаған қазақстандық спортшы Айза Мамбекова 17-ші орынды иеленген.
Дереккөз:Азаттық радиосыҰқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




