Қазақстандықтар бүгін Халықаралық әйелдер күнін мерекелеп жатыр
- author «Ақ жол»
- 8 наурыз, 2019
- 507
Халықаралық әйелдер күнін - Қазақстан және ТМД елдерінде аталып өтіледі. Сонымен қатар, тағы да да тоғыз мемлекетте тойланады. Лаоста бұл - тек әйелдер үшін демалыс күні болса, Қытайда әйелдер үшін жұмыс күні қысқартылған.
Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні елорда мен барлық облыстарда мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерін жыл сайын құттықтайтынын айта кету керек. Күні кеше де Мемлекет басшысы жылдағы үрдіспен нәзік жандарды құттықтаған болатын.
«Ананың құдіреті шексіз. «Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Мерейлі мерекеге орай «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы барша қазақстандық нәзік жандарды әйелдер күнімен құттықтай отырып, өмірде табыс, еңберіне жеміс тілейді.
Дереккөз; kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




