Мағбат Спанов Есеп комитетіне қызметке келді
Мағбат Спанов Есеп комитетіндегі республикалық бюджеттің игерілуін бақылайтын "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталықтың" директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова ұжымға жаңадан тағайындалған орталық директорын таныстырып, оған жоғары жетістіктер мен жұмыста табыс тіледі. Спанов Мағбат Уарысбекұлы 1964 жылы Барнаулда (Ресей) дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген.
Еңбек өтілі: түрлі ғылыми және ғылыми-талдау ұйымдарында, соның ішінде ҚР Ғылым академиясының экономика институтында, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында, Қазақстанның Даму институтында (1989-2010); үш ғылыми журналдың шеф-редакторы - "Транзитная экономика", "Еуразиялық қауымдастық: қоғам, саясат, мәдениет", "Саясат-policy" (1995-2007); Астана бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі (2011-2013).
Халықаралық бизнес университеті жанындағы инновациялық экономика институтының директоры, "Тұран" университетінің профессоры, Уба ҒЗЖ жөніндегі проректор, ОӘБ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.
Ғылым саласындағы жоғары жетістіктері үшін "Дарын" Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған (1998). Жүзден аса ғылыми жұмыстарды, оның ішінде монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жариялады.
Дереккөз;tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді