Гүлшара Әбдіқалықова өңір халқының тыныс-тіршілігін өз көзімен көрмек
- author «Ақ жол»
- 5 наурыз, 2019
- 443
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет мүшелері Елбасының «Нұр Отан» партиясы XVІІІ съезінде берген тапсырмаларын түсіндіру үшін өңірлерге аттанады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Сонымен қатар, келесі аптадан бастап мен өзім, министрлер облыстарға іс-сапармен барып, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Ол қалай жүргізіледі? Біз өңір-өңір бойынша бірнеше облысты қамтимыз. Осы аптада батыс өңіріне - Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарына барамыз. Сапар аясында дәстүрлі құралдарды пайдаланумен қатар, жаңа форматта жұмыс істейміз. Халықпен кері байланыс болуы керек. Сол жерлерде жеке қабылдау болады. Мен өзім де, министрлер де бағыт-бағыт бойынша жеке қабылдайды, кездесулер болады. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті ХҚО-лар мен Жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстары, дайындығы қаралады»,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, вице-премьер өңірлерге сапар барысында көптеген аз қамтылған отбасылардың үйлеріне барып, тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп, қордаланған мәселелердің негізімен танысуды көздеп отыр.
«Жалпы, осы тоқсанның ішінде барлық облыстарды аралаймыз. Ол үшін Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Қазақстан өңірін қамтитын карта әзірленді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




