82 жастағы Алжир президенті сайлауға қайта түседі
Алжир президенті Әбделазиз Бутефлика биыл 18 сәуірде өтетін сайлауға қатысуға өтініш берген. «Елді 20 жыл басқарған президентке қарсы» өтіп жатқан елдегі наразылыққа қарамастан Бутефлика осындай шешім қабылдаған.
Президент құжаттарын кеше, 3 наурызда сайлау штабының басшысынан беріп жіберген.
82 жастағы Бутефликаның өзі қазір Швейцарияда емделіп жүр.
Президент штабының басшысы «Бутефлика қайта сайланған жағдайда «ұлттық кеңесте» бір жыл ішінде өзінің қатысуынсыз мерзімінен бұрын сайлау өткізу жайын талқылауды жоспарлап отыр» деп хабарлады.
Оның кандидаттығы тіркелгені туралы Алжир астанасы мен басқа бірнеше қалада наразылық өтіп жатқан тұста белгілі болды. Алжирде наурыздың басында ондаған мың адам наразылыққа шықты. Бұл — 2011 жылғы Араб көктемінен кейінгі елде өткен ең ірі наразылық шарасы.
Әбделазиз Бутефлика Алжирді 1999 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылы оған қастандық жасалды. Содан бері ол қоларбамен қозғалады. Көп алдына сирек шығады. Швейцарияның ақпарат құралдары Бутефликаның Женевадағы емханада екенін жазды.
Дереккөз:Азаттық радиосыҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




