Жаңалықтар
Удай мас. Алматыда көлік рөліндегі полицей ауыр апат жасады
- author «Ақ жол»
- 5 наурыз, 2019
- 474
Удай мас. Алматыда көлік рөліндегі полицей ауыр апат жасады
Желіде жол апатының салдары түсірілген видео тарап, бейнеролик авторы апатқа кінәлі - полиция қызметкері екенін айтқан. Ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Минситрдің кеңесшісі, ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздың хабарлауынша, ЖКО 23 ақпан күні Алматыдағы Жансүгіров көшесінде орын алған. Жол апатына Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметіне қарасты патрульдік полиция полкының полиция қызметкері кінәлі болған.
- Қуанышқа орай, жол апатының нәтижесінде адамдар зардап шеккен жоқ. Кінәлі адам ҚР ӘҚБк 608-бабының 3-тармағына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік ішімдікке мас күйде басқарып, көлік құралының зардап шегуіне әкеліп соқтыру) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда аталған қызметкер полицияда жұмыс жасамайды, Департамент бастығының бұйрығымен ол 23 ақпан күні ішкі істер органдарынан қуылды, - деді Нұрділдә Ораз.Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




