Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің 15 наурыз күні мексикалық Карлос Хименеспен қолғап түйістіретіні туралы ақпарат бұған дейін БАҚ беттерінде тарап кеткен болатын. Алайда соңғы деректер отандасымыздың қарсыласы ауысатынын меңзеп отыр. Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев қазақстандық былғары қолғап шеберінің мексикалықпен жұдырықтаспайтынын жеткізді. Карлос Хименес өз кезегінде қазақстандық басқа боксшымен, яғни бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаевпен шаршы алаңда кездесуі ықтимал. «Біз ә дегеннен Хименеспен келісімге келген болатынбыз. «Matchroom» оған сегіз раундтық шайқас үшін көп қаржы ұсынғанын естігенімде таңданғаным бар. Бірақ араласпадым. Ең бастысы ол біздің боксшымен жұдырықтасады деп сенген едім. Кейіннен оның Батыр Жүкембаевпен қолғап түйістіретінінен хабардар болдым. Білуімше, Хименестің бапкері Батыр Жүкембаевты таңдапты. Әйткенмен ол жекпе-жекте мексикалық аз табыс табатынын айта кеткен жөн. Бапкері Даниярды ірі боксшы әрі қауіпті қарсылас санайды. Бірақ Хименесті Батыр да нокаутқа түсіруі әбден ықтимал. Батыр да денесі ірі әрі соққысы мығым жігіт. «Matchroom» өкілдері Хименестің келісімге қол қоюына байланысты әлі де нақтылау жүргізуге ниетті екенін айтып, хабарласты. Алайда мен басқа қарсылас іздестіруге кеңес бердім», – дейді Зия Алиев соңғы ақпараттармен бөлісіп. Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегін өткізетін уақыты жақындап келеді. Алайда отандасымыздың кіммен қолғап түйістіретіні әзірге белгісіз болып отыр. Жақын күндері қарсыластың есімі нақтылана жатар.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




