Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды: екі адам қаза тапты
- author «Ақ жол»
- 27 ақпан, 2019
- 644
Таразда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыста екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс таңертең 27 ақпанда 9 шағын ауданда болған. Жамбыл облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметі бойынша, үйден 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, бірінші, екінші және үшінші қабат арасындағы жабындар қираған. Басқа мәліметтер әлі белгісіз.
Зардап шеккен төрт адам Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Барлығына көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Кейінірек Жамбыл облыстық балалар ауруханасына бір бала бас жарақатымен жеткізілгені белгілі болды. Оған ота жасап жатыр.
Жедел желі телефоны: 8 (7262) 51-35-75.

Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




