Жаңалықтар
Жаңа министр коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2019
- 496
Жаңа министр коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коммуналдық қызметтерге қанша қаржы жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жаңа тарифтерге қатысты пікір білдірген ол, «кеше пошта жәшігінен түбіртекті алдым. Электр энергиясы бойынша тариф 15,32 теңге болса, қазір 13,89 теңге, яғни төмендеу 10 пайызды құрады. Бұл Астана бойынша мәлімет. Жылу беру 3 097 теңге болса, 2 788 теңге деңгейінде қалыптасты. Жалпы, 10 пайыздық төмендеу байқалады. Егер де осындай өзгерістер сезілмесе, онда тікелей маған келулеріңізді сұрар едім. Сәйкесінше, осы мәселені өзімнің бақылауыма аламын», - деді ведомство басшысы Үкімет отрысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның сөзіне қарағанда, министрлік тарифтерге қатысты қала мен облыстар бойынша ақпаратты кеңінен жариялайтын болады. Осы орайда әрбір адам монополист мәлімдеген тарифті үйге келген төлем түбіртегімен салыстыра алады.
«Тарифтерге қатысты кемшіліктер болса, міндетті түрде шағымдану керек. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Тұрғындар өзгерістерді сезінуі тиіс», - деді Руслан Дәленов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық экономика министрі ведомство алдында тұрғын міндеттерді мәлім етті.
Айта кетейік, Р. Дәленов бүгін Үкімет отырысында тағайындалған жаңа министр ретінде ант берді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




