АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында жаңа министрлер кабинетінің құрамына енген лауазым иелері ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен, Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ант берді.
«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптірін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!», - деді бүгін министр лауазымына алғаш кіріскен ведомсво басшылары.

Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




