Облыс әкімдігі білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен жастар жылына орай каратэ-до шотоканнан оқушылар арасындағы облыстың ашық турнирі өтті. Жасөспірімдер арасындағы аламанға көршілес Қырғыз республикасынан, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан және облысымыздың бірқатар аудандарынан талантты спортшылар қатысып, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге күш салды. Дода барысында жасөспірімдер жас айырмашылығына байланысты бірнеше санатқа бөлініп, бақ сынады. Жалпы, жарыста 220 спортшы сынға түсіп, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Командалық жарыс кезінде тараздық спортшылармен қатар шымкенттік және Қырғыз республикасынан келген жасөспірімдердің жеңіске деген құштарлығы айқын сезіліп тұрды. Олар жекпе-жек барысында бар күштерін сарқа жұмсады, еш аянып қалған жоқ. Жанарларында жасын ойнаған балалардың қадамын көріп, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені олардың араларында шын таланттар бар екеніне еш күмәніміз жоқ. Турнир қоры-тындысында Тараз қаласының намысын қорғаған каратэшілер қарсыластарынан оқ бойы озық болып, бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкент қаласының командасына бұйырды. Алатаудың ар жағынан келген айыр қалпақты ағайындардың құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Осылайша облыстың ашық турнирі жоғары деңгейде өтіп, жүлделі орындардан көрінген құрамалар марапатталды. Додаға келген қонақтар тараздықтардың қонақжайлық қасиетіне риза болып тарқасты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




