«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрмыс сапасын арт тыру - басты міндет

Тұрмыс сапасын  арт тыру - басты міндет
ашық дереккөз
Тұрмыс сапасын арт тыру - басты міндет

Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің алқа мәжілісі өтті. Онда мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда бекітілген индикаторлық көрсеткіштердің, Премьер-Министр мен облыс әкімі, өңір басшысы мен қала аудан әкімдері арасындағы келісімдердің орындалу барысы егжей-тегжейлі қаралды.
Мәжілісте облыс әкімінің орынбасарлары өздеріне қарасты салалардағы негізгі басымдықтардың қалай орындалып жатқанын баяндап, осы бағытта қабылданған шаралар мен проблемалық мәселелерді атап көрсетті. Оларды шешу жолдары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында ілгерілеу бар. Жыл табысты өтті. Индикаторлық межелердің деніне қол жеткізілген. Десек те өңірде шешімін күткен мәселелер де аз емес. Облыс әкімінің бірқатар басқарма мен аудан басшыларына жүктеген тапсырмаларының орындалу деңгейі сын көтермейді. Бірақ енді жұмысты жүйелеп, тірлікті тиянақты тындыруға келгенде жүрдім-бардым қарап, немкеттілік танытқандар жазасыз қалмайды. Баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасарлары жұмысына немқұрайды қарағандардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс білдірді.
Асқар Исабекұлы айтылған барлық ұсыныстарды толығымен қолдайтынын және олардың ешбірі қараусыз қалмайтынын қадап айтты. Сондай-ақ өңір басшысы бұған дейінгі жиындарда облыс экономикасын көтеру жолындағы тиісті шаралардың барлық мүмкіндіктері мен бағыттары айқындалып, жолдары көрсетіліп, қажетті тапсырмалардың жүктелгенін атап өтті. Алайда әлі күнге жүйені жете түсінбей, сылбырлыққа салынып отырғандар бар. Таяқтың бірі ұшы алдымен соларға тиері анық.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарының 60 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердің ахуалын арттырудың маңыздылығын алға тартты. Ет пен сүт бағытындағы кооперативтерді көптеп құрып, оларға қажетті барлық қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Алқалы жиында тұрғындарды ауызсу, табиғи газбен қамту мәселелерінің өзектілігі де айтылды. Бұған дейін облыстағы 149 мың тұрғын ауылына тартылған ауызсуды, газ құбырын үйіне дейін жеткізу құнының жоғарылығынан бұл мәселелер шешімін таппай келген еді. Өткен жылы қабылданған шаралардың арқасында тиімді бағамен 59 мың тұрғын «көгілдір отынмен» қамтылған. Елбасы Жолдауында айтылғандай, халықтың тұрмыс сапасы осындай мәселелерді шешу арқылы арта түсетіні сөзсіз.
Соңғы жылдарда өңірде кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Дегенмен облыста өз кәсібін ашу үшін жер сұрап отырған 480 азаматтың жартысына жуығының өтініші орындалмай отыр. Асқар Исабекұлы осындай түйткілдерге назар аударып, қажет болса, бұл жұмыстарды жеңілдету үшін тиісті ережелерді қайта қарау керектігін айтты.
Енді аудан, ауыл әкімдерінің жұмыс істеу жүйесі бекітіліп, олардың қызмет көрсеткіштері сол арқылы бағаланатын болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар