Disney мультфильмдерінде көзілдірікті ханшайым пайда бола ма?
- author «Ақ жол»
- 14 ақпан, 2019
- 560
Ұлыбританияның Ноттингемшир қаласында тұратын 9 жастағы Лоури Мур Walt Disney президенті Роберт Айгерге арнап хат жолдап, одан мультфильмдеріне көзілдірік тағатын кейіпкер қосуды сұраған. Лоуридің айтуынша, мұндай кейіпкерлер көзілдірік тағатын басқа балалардың өз-өзіне сенімді болуына септігін тигізеді. «Мен Дисней ханшайымдары туралы мультфильмдермен өсіп келемін. Олар маған қатты ұнайды, кейіпкерлері де ғажап. Бір өкініштісі, олардың ешқайсысы көзілдірік тақпайды. Бұл менің өзімді жеткілікті дәрежеде сұлу еместей етіп сезіндіреді», – дейді Лоури.
Қаңтар айының соңында қыздың анасы «Facebook» әлеуметтік парақшасына Лоуридің хатын жүктеген. Нәтижесінде хат тез арада таралып кеткен. Disney де қыздың хатына жауап жазып, барлық балалардың көңілінен шығатын кейіпкерлер ойлап табуға тырысатындарын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




