Студенттің өмірі...

Студенттің    өмірі...
ашық дереккөз
Студенттің өмірі...

Студенттің өмірі – ауыл жақты сағыну, Универдің ішінде бар талапқа бағыну. Сессияның кезінде, беріліп мол төзімге, Кітапхана ішінен жиі-жиі табылу.

Студенттің өмірі – төрт жыл бойы сабылу, Кей кездері қуанып, кей кездері жабығу. Жетпей қалған балл үшін, білмегеннің бәрі үшін, Сессияның кезінде апайыңа жалыну...

Студенттің өмірі – қызық-қызық бір асу, Кітап ұстап қолыңа білім іздеп, қыр асу. Оқытушыларды ұға алмаған сәттерің, Соңғы курс келгенде қимастыққа ұласу.

Білім деген – құндылық, білім – алтын, пүліш қой, Жақсы студент атану – ол да өзінше жұмыс қой. Өзімізден де бәле бар, оқымаған адамның, Алуға тиіс бағасы – әлсірген бір «үш» қой!

Ардақ Сапибулла, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар