Жаңалықтар
Еуропада қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
- author «Ақ жол»
- 8 ақпан, 2019
- 517
Еуропада қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада соңғы 10 жылда қызылшамен ауырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
«2018 жылы қызылшадан Еуропа құрлығында 72 адам қайтыс болды. Оның ішінде балалар да, ересектер де бар. Еуропа елдерінің 2018 жылғы есебі бойынша, өңірдегі 53 елдің 47-сінде 82596 адам қызылшамен ауырған», - делінген баяндамада.
Бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен үш есе, 2017 жылғыдан 15 есе артық.
Әсіресе Украинада жағдай өршіп тұр. ДДСҰ баяндамасына сүйенсек, Украинада 53218 адам қызылша дертіне шалдыққан. Бұдан тыс, Сербия (5076 адам), Франция (2913) және Италия (2517) елдері де тізім басында тұр. Сондай-ақ Ресейде 2256 науқас тіркелген.
Соңғы жылдары вакцинадан бас тарту салдарынан Еуропа елдерінде қызылшамен ауырғандар саны күрт арта бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




