Үш жасөспірім топ жарды
Өскемен қаласында бокстан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бір аптаға созылған аламанға еліміздің барлық өңірлерінен кіл мықтылар қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарысқа біздің облыстан 14 спортшы қатысты.
Қазақстан біріншілігінде жамбылдық жасөспірімдер ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алды. Үш салмақ дәрежесінде оғландарымыз алтын жүлде иегері атанды. 52 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Ильгар Салахов шаршы алаңда жасындай жарқырап, өзінің шын мықты екенін дәлелдеп, алтын жүлдені мойнына ілсе, 66 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сұлтан Бабаханов та қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті. Сондай-ақ +80 килограмм салмақта жұдырықтасқан Болашақ Мейрам да топ жарды.
Жалпы, Өскеменде керілген шаршы алаңда жамбылдық өзге боксшылар да жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Нақтырақ айтсақ, 54 килограмм салмақта шаршы алаңға көтерілген Елнұр Сүйінбай, 57 килограмм салмақтағы Айдәулет Самақ, +80 килограмм салмақ дәрежесіндегі Альмири Анарбековке күміс жүлде бұйырды. 44 килограмм салмақта жарысқа қатысқан Бекзат Пірәлі, 50 килограмдағы Ислам Махашев, 75 килограмм салмақтағы Азамат Асылбекұлы үздік үштікті қорытындылады. Біріншіліктің «Үздік боксшысы» болып Сұлтан Бабаханов танылса, «Үздік бапкер» аталымы облыстың аға жаттықтырушысы Ержан Жарқынбековке бұйырғанын айта кеткен жөн.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




