Таяуда Астана қаласында «Ресублика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен дәстүрлі сегізінші «Халықтың сүйіктісі – 2018» байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер анықталды. Ұлттық сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімінде 14 аталым бойынша жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Онда «жылдың үздік мұғалімі», «жылдың үздік дәрігері», «жылдың үздік тележүргізушісі», «жылдың үздік кәсіпкері» секілді аталым иегерлерімен бірге «жылдың үздік спортшысы» аталымының иегеріне де зор құрмет көрсетілді. Осы жолы тұңғыш рет олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерімен қатар, паралимпиадаға қатысатын спортшылар да бақ сынады. Бұл байқауға облыстық «дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» үкілі үміті, жүзу спортынан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Рио-де-Жанейро Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да қатысқан-ды. Сонымен «Халықтың сүйіктісі – 2018» байқауында халықтың 53 пайыз дауысына ие болған Зүлфия Ғабидуллина «Жылдың үздік спортшысы» атағын иеленіп, мерейімізді тасытты. Жарайсың, Зүлфия!
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




