дегенмен тұрғындар тілегіне де құлақ түрген жөн
Өткен жыл өңірдің денсаулық сақтау саласы үшін де табысты жыл болды. Бір жылдың ішінде барлығы 39 нысанның пайдалануға берілуі – соның бір көрінісі. Оның ішінде 29-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында, 9-ы жергілікті бюджет есебінен салынса, 1-еуі сатып алынды. 6 емдеу мекемесі күрделі жөндеуден өткізілген. Дегенмен салада шешімін күтіп тұрған түйткілді мәселелер әлі де баршылық. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өткен жылғы атқарылған жұмыстарды баяндады. Есепті жиында орындалған міндеттер мен мақсатты межелердің көрсеткіштері ғана емес, денсаулық саласындағы кадр тапшылығы, жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды. Медициналық қызметтің сапасын арттыру, мекемелердің жүктемелігін реттеу жолдары талқыланды. Жалпы облыста барлығы 396 медициналық мекеме бар. Басқарма басшысы оның 30-ы аурухана, 356-сы амбулаториялық емхана екенін айтады. 2018 жылы саланың бюджеті 55,4 миллиард теңгені құраса, биыл 56494,2 миллион теңге бөлініпті. Мәліметке сүйенсек, былтыр өңір тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72,43 жасты құраса, жалпы өлім-жітім коэффициенті 5,6-ға тұрақтаған. Сондай-ақ 2 ана өлімі тіркелсе, бір жасқа дейінгі 154 нәресте шетінеген. Жалпы басқармаға қатысты 3 нысаналы индикатор және 36 нәтижелі көрсеткіш белгіленсе, оның 4-еуі орындалмаған екен. Былтыр өңір басшысының қатысуымен өткен кеңесте аталған басқармаға 23 хаттамалық тапсырма берілген болатын. Жиында соның 10-ы орындалмағаны мәлім болды. 2018 жылы жеке тұлғалардан сала ісіне қатысты 175 арыз-шағым түссе, ол бойынша 28 қызметкер жауапкершілікке тартылып, 2 бас дәрігер жұмысынан босатылған. Осыған баса назар аударған Асқар Исабекұлы көрсеткіштердің бәрі жақсы болғанымен, шын мәніндегі тұрғындардың сұранысын қанағаттандырудың маңызды екенін атап өтті. Жұрттың денсаулық саласындағы көрсетілер қызметтің сапасына қатысты базынасына құлақ түріп, көптің өтінішіне қарай нақты жұмыс істеу керектігін ескертті. Сондай-ақ скринингтік орталықтардың санын арттыру, арыз-шағымдармен күнделікті жұмыс жүргізуді тапсырды. Кадр тапшылығын шешудің басты назарда болатынын айтып, жас мамандарға тиісті жағдай жасай алмай отырған бірқатар аудан әкімдерінің орынбасарларынан жауап алды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді