Жаңа маусымды премьер-лигада бастайтын «Тараз» футбол клубының ойыншылары Түркия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Анталияда жаттығып жүрген жерлестеріміз отызыншы қаңтарға дейін дайындықты пысықтап, бірнеше жолдастық кездесу өткізуге бел буған болатын. Бұл жолы тек қазақстандық футболшылар ғана шекара асқан-ды. Жамбылдық футболшылар оқу-жаттығу жиыны барысында алғашқы жолдастық кездесуге шығып та үлгерді. Тунистің «Зитуни» деп аталатын командасына қарсы жасыл алаңға беттеген «Тараз» футболшылары қарсыластарын 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, жанкүйерлерді қуантып тастады. Алайда тунистік ұжымның қай деңгейдегі команда екені туралы нақты мәліметтер жоқтың қасы. Дегенмен «Тараз» ойыншыларының қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соғуына қарағанда, «Зитуни» футбол клубы жоғары деңгейдегі команда емес-ау деген ойға қалдық. Қалай болған күнде де жеңістің аты – жеңіс. Футболшыларымыз алған бетінен танбаса дейміз. Осы оқу-жаттығу жиыны кезінде «Тараздың» құрамын жаңа ойыншылар толықтыра ма, жоқ па? Бұл жағы да беймәлім болып тұр. Белгілісі, ағымдағы маусымда бас бапкер Вахид Масудов негізінен қазақстандық футболшыларға арқа сүйеуді жөн көреді. Бұл да дұрыс. Бәлкім алдағы уақытта жергілікті ойыншылар да жасындай жарқырап қалар. Жерлестеріміз бірер күн бедерінде тағы да бірнеше жолдастық кездесуге жасыл алаңға шықпақ. Әлбетте, Түркиядағы бірнеше ойыннан қорытынды шығаруға болмайды. Әйтсе де футболшылардың бір-бірін түсінісуіне зор ықпал етеді деген ойдамыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді