Сом білек. Хопкинс Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ тастаймын дейді
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2014
- 734
Кәсіпқой бокс шаршы алаңында Бейбіт Шүменовті жеңген америкалық былғары қолғап шебері Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бернардтың біздің Генадан жасы да, салмағы да үлкен. Бірақ, ол қазақ боксшысымен жұдырықтасу үшін салмақ тастауға әзір көрінеді. Негізі 49 жастағы америкалық боксшы келесі шайқасын қараша айында ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Хопкинс осы жекпе-жектен кейінгі қарсыласының Андре Уорд немесе Геннадий Головкин болғанын қалап отыр. Ал біздің жігіт WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Мигиел Коттомен кездескісі келетінін айтады. Боксшының бапкері Фредди Роучтың айтуынша, Котто үшін қазақ боксшысынан гөрі WBC және WBА тұжырымдамасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен кездесу өткізген маңызды екен. Мигел соңғы шайқасында (WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы) аргентиналық боксшы Серхио Мартинесті чемпиондық атағынан айырған болатын.
Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




