Соңғы жылдары қазақтың ұлттық спорты тоғызқұмалақтың дамуына барлық жағдайлар қарастырылып жатқаны белгілі. Бұл өз кезегінде өңірде аталмыш спортқа қызығушылардың қатарын арттыруда. Нәтижесінде жамбылдық тоғызқұмалақ шеберлері түрлі жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап жүр. Ағымдағы жыл тоғызқұмалақ шеберлері үшін облыс біріншілігімен басталып отыр. Тараз қаласындағы «Гамбит» шахмат клубында өткен өңір чемпионатына облыс аудандарынан 9 команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Командалық дода барысында 84 спортшы бақ сынады. Бірнеше күнге созылған облыс чемпионатында ерлермен қатар әйелдер де үздіктерді анықтауға кірісті. Сонымен ерлер арасындағы аламанда Тараз қаласының тоғызқұмалақ шеберлерінен жасақталған команда жеңістің биік тұғырынан көрінсе, Меркі ауданының командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Сарысулықтарға үшінші орын бұйырды. Әйелдер арасындағы додада Тұрар Рысқұлов ауданынан келген ұжым топ жарып, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеді. Меркіліктер екінші орынды қанағат тұтса, қордайлықтар үздік үштікті қорытындылады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




