«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Бұлымданып ақ бу басқан бұл мекенді, Ел-жұртқа «Ақбұлым» деп атап кетем!»

«Бұлымданып ақ бу басқан бұл мекенді, Ел-жұртқа «Ақбұлым» деп атап кетем!»
ашық дереккөз
«Бұлымданып ақ бу басқан бұл мекенді, Ел-жұртқа «Ақбұлым» деп атап кетем!»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында саналы азаматтың өз елінің тарихын терең біліп, оны мақтан тұтып, келер ұрпақтың жадына сіңіру қаншалықты маңызды екені айтылады. Ал еліміздің тарихы туған жеріміздің, өлкеміздің тарихынан басталады. Бұл ретте қазақ халқының тарихы Ұлы Даланың әрбір тасы мен сайында, асқар тауы мен кең жазығында, мөлдір бұлағы мен айдын көлінде жазылған десек, қателеспейміз. Тек соны әлі де білетін, ел-жердің шежіресі көкірегінде қаттаулы қарияларды тауып, мол қазынаны жоғалтып алмауға ұмтылуымыз қажет-ақ. Сондай қазыналы қарттарымыздың бірі – өлкетанушы ақбұлымдық Жамбыл Бесбаев. Реті келгенде, онымен кездесіп, туған ауылының аталуы жөнінде әңгімеге тартқан едік. «Самал желпиді, Қарасайдан ескен жел. Бар ма екен, Ақбұлымға жетер ел. Жырақ кетсем, Сағынамын өзіңді, Қасиетті Кіндік кескен туған жер...» – деп, толғанып-тебіреніп алды ол. Алдымен ауылдың Ақбұлым атану тарихына байланысты көне тарихқа үңілетін болсақ, б.з. II ғасырда қытай тарихшысы Сьюань-Цзань былай деп өз жазбасында дерек көздерін қалдырған екен. «Талас өзенінің жағасында «Долосы» сауда қаласы орналасқан (қытайлықтар сол кезде Тараз қаласын осылай атаған). Ал осы қаланың шығыс қақпасы жағында Талас өзенінің арғы беткейінде тау қыраттары етегіндегі, 300-ге жақын шаңырағы бар үстін ақ тұман басып тұрған елді мекен бар» деп жазып кеткен көрінеді. Қытай тарихшысының біздің Ақбұлым ауылы туралы жазғанын пайымдауға болады. Осы жазбаға сүйенсек, Күнгей Алатаудың төменгі сілеміндегі Ақтаудың етегіндегі Қамыстыбұлақ шатқалынан шыққан бұлақ суынан және Сарыбұлақтан аққан сулар қосылып бір тоған су болып ағып, Талас өзеніне құйылып отырған. Ықылым заманнан бері Ақбұлым ауылы тұрғындары осы суды өз қажеттеріне пайдаланып келген екен, қазіргі кезде осы сулар аққан сай-саланың орны жатыр. Ежелден жылдың төрт мезгілінде таңғы уақыттарда бұлақтан аққан судың және Талас өзенінің буынан ауылды ақ бу басып, бұлыңғыр тартып тұрған, осыған байланысты «Ақбұлым» атанған деген ауызша тарих қалған. XV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы бабамыз желмаясымен осы аймаққа атбасын тіреп, мынандай өсиет айтып кеткен деген аңыз бар. Онда былай делінген: Ақтау менен Қызылтау керегең, Арта берсін әрқашанда берекең. Елі шіркін еміреніп еметін, Түгін тартса майы шығар жер екен. Бауырым деп бар жанды сыйлайды екен, Күніне жүз керуен адам келсе, Қонақ етіп шығарып салады екен. Қамыстыбұлақ, Сарбұлақтан аққан сулар, Талас деген өзенге құяды екен. Жылдың төрт мезгілінде осы судан, Ауылды ақ бу басып тұрады екен. Бұлымданып ақ бу басқан бұл мекенді, Ел жұртқа «Ақбұлым» деп атап кетем! – деген өлең жолдарын аталардың аузынан бала күнінде талай естігенін айта келіп, тағы бір мына өлең жолдарын тілге тиек етті: «Бұлаққа толы шатқалың, Қасиет қонған жерің-ай! Ақбұлымдай ауылға, Ынтымақ берген елің-ай! Әттең шамам келмейді, Желмаяға өңгеріп Алып кетер едім-ай! – деп Қамыстыбұлақ, Қарасай және Ботамойнақ шатқалдарын қимай қоштасқан деген аңыз бар» деді. Ақбұлым – көне мұраларға бай тарихи ауыл. Себебі солтүстігінде «Жетітөбе», арыда «Ақыртас», оңтүстік-шығысында «Ботамойнақ» пиктограммасы, «Қарауылтөбе», «Қарасай», «Қамыстыбұлақ» шатқалындағы тастардағы таңба бейнелер (петроглифтер), таңбалар мен сурет жазулар (пиктография), солтүстік-батысында бар болғаны ауылдан мың метрдей жерде «Төменгі Барысхан» қаласының орны, батысында жеті-сегіз шақырым жерде Ұлы Тараз қаласы ауылды жан-жағынан қоршап тұр. Сондықтан Ақбұлым ауылы сонау ежелгі қола дәуірі кезеңінен бергі нешеме қилы тарихи оқиғалардан еш уақытта шет қалмаған болып есептелуі керек. Ал Қарасайдың аталуына келетін болсақ, шатқалдың күнгей беттері толығымен қара гранит тастармен көмкерілген. Онда қола және ерте темір дәуірі кезеңіне жататын мыңдаған петроглифтерді кездестіруге болады. Қамыстыбұлақ атауы тау беткейінің жоғары жағында пайда болған бұлақ көзінен аққан судан әжептәуір көлге айналғандығын көрдік. Ежелде бұл көлдің көлемі үлкен болып шатқалдың іші үлкен көлге айналған, айналасына қамыс өсіп, Қамыстыбұлақ атанғаны осыдан. Ежелгі ата-бабаларымыз киелі бұлақтың суын ішіп, ну қамыс тал дарақтарды паналап, аңын аулап, осы қасиетті жерді өздеріне мекен еткенін пайымдауға болады. Бірақ қазіргі кезде бұлақтың көзі тартылып, кішкентай ғана көлшікке айналған, жағасындағы қамыстары қурап, тек қана Қамыстыбұлақ аты қалған. Бұл шатқалдан қола дәуірі кезеңінен бізге жеткен таңба, пиктография жазулар мен шығармашылық өнері мен тұрмыстық мәдениетін, тарихын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін көптеген ежелгі тарихи-мәдени мұралар сақталған. Олар көне замандағы ата-бабаларымыздың бүкіләлемдік мәдениетке қомақты зор үлес қосқан өркениетті халық болғанының айғағы. Ботамойнақ шатқалындағы үңгірге келетін болсақ, бұл үңгipдiң гeoгpaфиялық opнaлacyы Aқбұлым ayылынaн 20 шaқыpым оңтүcтiк-шығыcындaғы Күнгей Aлaтay бeткeйiнiң төмeнгi caғacындaғы Бoтaмoйнaқ шaтқaлындa жaтыp. Шатқал ботаның мойнына ұқсас ирелеңдеп, жоғары өрлеп созылған. Бoтaмoйнaқ шaтқaлының бoйымeн ұзыннaн ұзaқ ecкi cүpлey жaтыp. Ocы cүpлeyдi бoйлaй жүpe oтыpып, бip шaқыpымдaй eнгeннeн кeйiн үлкeн тay бeткeйiнe кeлiп тipeлeдi. Ocы тay бeткeйiнiң coл жaғынa ciлeмe қыpaттapын бoйлaй oтыpып, тayдың мaңдaйынa шығaмыз. Қaтпap-қaтпap тacтapдың iшiндe жapық cызықшaғa ұқcac тap үңгipдiң ayзын көpeмiз. Бip aдaм зорға cығылыса кipep ayзы бар, oдaн төмeн eңкeйe жaтып зopғa iшкe eнeдi. Қapaңғы қaпac үңгipдiң iшiндe eкi жaқ қaбыpғaны бoйлaй төмeн ылдилaп түceтiн жoл бap. Қaбыpғaлapдa көптeгeн eжeлгi aдaмдapдың шекіп салған жaзулар мен тaңбaлapы кeздeceдi.

Сәмен ҚҰЛБАРАҚ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар