«Өзім дегенде өгіздей қара күшім бар»
Оқу-жаттығу жиынына тек қазақстандық футболшылар аттанды
«Тараз» футбол клубы 11-30 қаңтар аралығында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияның Анталья қаласын таңдады. Бұл сапар барысында жамбылдық футболшылар бірнеше жолдастық кездесу өткізеді екен.
Жерлестеріміз оқу жаттығу жиыны кезінде әзірбайжандық, румыниялық, ресейлік клубтарға және Өзбекстанның жастар құрамасына қарсы жасыл алаңға шығып, жаңа маусымға дайындықты пысықтап көрмек.
Премьер-лигаға әзірлікті ерте бастан бастап жатқан «Тараз» футбол клубы Түркияға тек қазақстандық футболшыларды жіберу арқылы олардың қарым-қабілетін бір тексеріп алуды көздеп отыр. Сонымен қатар команда құрамына жаңадан келіп қосылған футболшылардың да аяқ алысын байқау қажет деседі.
Анталья төрінде жаттығуға кіріскен «Тараз» футбол клубы ойыншыларының алдағы маусымда алдына қойылатын мақсат айқын. Премьер-лигадағы орынды сақтап қалуға тырысатыны айтпаса да түсінікті. Команданың жаңа бапкері Вахид Масудов шәкірттерімен тіл табыса алса, бұл бағынбайтын меже емес деген ойдамыз. Оның үстіне жаңа маусым басталғанға дейін әлі де өзгерістер орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. «Тараз» сапына жаңадан мықты ойыншылар келіп қосылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ. Қысқасы, әзірге: «Өзім дегенде өгіздей қара күшім бар», – деп тұрған жерлестерімізге тек сәттілік тілейміз!
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




