Спорт және туризм
Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2014
- 553
Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
20 жастағы теннисші Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озып, өзінің спорттық мансабында алғаш рет Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.
Вашингтонда өткен турнирдің нәтижесінде З.Дияс аталған рейтингтегі 53-ші орнын сақтап қалды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Я.Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-ші орынға тұрақтады.
Бұл рейтингте Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікке румыниялық Симона Халеп та енген.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




