Құлан ауылында 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа Тараз қаласы мен барлық аудандардан 250-ден астам үміткер қатысып, жарыс көрігін қыздырып бақты. Бала балуандар боз кілемде барын салып, жеңімпаз атану жолында аянып қалған жоқ. Жарыс қорытындысы бойынша 38 килограмм салмақ дәрежесінде Қордай ауданының үкілі үміті М.Байзақ қарсыластарын алып та, шалып та жығып, топ жарса, 42 килограмм салмақ дәрежесінде жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының балуаны Ә.Әлімби қарсылас шақ келтірмеді. 46, 50 килограмм салмақта да жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының спортшылары дес берген жоқ. Ә.Ахметқали мен О.Жоспар өздерінің мықтылықтарын әйгілей білді. Жалпы салмақ дәрежесі ауырлаған сайын белдесулердің қызық бола түсетіні белгілі ғой. Әсіресе жанкүйерлер ірі денелі жігіттердің белдесуін ұнататыны айтпаса да түсінікті. 73 килограмм салмақ дәрежесінде №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Б.Ковтоногов қарсыластарынан айласын асырып, жеңістің биік тұғырынан көрінсе, +73 килограмм салмақ дәрежесінде боз кілемде әдемі әдістерімен көзге түскен мойынқұмдық Д.Әбдібек чемпион атанды. Жарыс барысында өзге де салмақ дәрежелері бойынша чемпиондар анықталды. Жалпы бала балуандар қазақ күресінің қыр-сырын тәп-тәуір меңгергенін көрген жұртшылық дән риза болысты. Жасөспірімдер додасында шеберліктерімен көзге түскен үкілі үміттеріміз алдағы уақытта үлкен жарыстарда топ жаруы да мүмкін ғой.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Аудан спортын алға жетелеген
- 28 қаңтар, 2025
Серіктің серті - Елдостың ерлігін қайталау
- 28 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді